Қалай төлеу керек
Тіркелу
- "Жеке кабинет" тарауына өтіңіз
- "Тіркелу" батырмасын басыңыз
- Барлық қажетті өрістерді толтырыңыз. Толтырған кезде ЖСН, Телефон нөмірі және Электрондық пошта сияқты өрістердің дұрыс толтырылуына назар аударыңыз
- Деректемелерді толтырғаннан кейін "Тіркелу" батырмасын басыңыз. Сіз көрсеткен электрондық мекежайға хат жіберіледі. Хатта сілтеме болады, сіздің жеке кабинетіңізді белсендіру үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз
- Тіркеулік жазбаңыз ойдағыдай тіркелген және белсендірілгеннен кейін, ЖСН, телефон нөмірін және паролін енгізіп, Сіз өз "Жеке кабинетіңізге" өте аласыз.
Қызметтерді төлеу
Бірыңғай төлем
- Қызмет көрсетушілердің тізілімін қысқарту үшін жоғарғы мәзірде өз қаласын тауып алыңыз
- "Қызмет көрсетушілер" қосымша бетінде қажетті қызмет көрсетушіні таңдап алыңыз
- Қажетті өрістерді толтырып, "Әрі қарай" батырмасын басыңыз
- Берілген деректерді тексеріп (мекенжайы, тегі, дербес шоты), есептегіштердің көрсеткіштерін (бар болған жағдайда) және төлеуге арналған сомасын енгізіңіз
- Жария шарттың жағдайларымен танысыңыз және Жария шартымен келісу туралы белгіні қойыңыз
- Сіз үшін қолайлы төлеу тәсілін таңдаңыз
Бірыңғай түбіртек
- "Менің мекенжайларым" қосымша парағына өтіңіз
- Қажетті мекенжайды толтырыңыз
- Мекенжайды бірінші рет қосатын болсаңыз, "Қосу" батырмасын басыңыз
- Мекенжайларды қосып алғаннан кейін "Деректемелерді алу" батырмасын басыңыз
- Барлық ұсынылған қызмет көрсетушілер бойынша деректемелерді толтырып, "Қосу" батырмасын басыңыз
- "Менің мекенжайларым" блогында сіз қосқан мекенжайлар көрсетіледі
- "Төлеу" батырмасын басыңыз, таңдалған мекенжай бойынша бірыңғай түбіртек ашылады, барлық қажетті деректемелерді толтырыңыз (есептегіштердің көрсеткіштері, төленетін сома). Белгілі бір қызмет көрсетушінің қызметтерін төлегісі келмеген жағдайда, крестикке басып терезені жауып қойыңыз.
- Жария шарттың жағдайларымен танысыңыз және Жария шартымен келісу туралы белгіні қойыңыз
- Сіз үшін қолайлы төлеу тәсілін таңдаңыз
- Бірыңғай түбіртекті рәсімдеген кезде қызметтердің тізімі толық емес болса, "Менің мекенжайларым" тарауына өтіп, сіздің мекенжайыңыздың жолында "Қызметтерді өзгерту" батырмасына басыңыз, одан әрі "Қызметті қосу" батырмасын басыңыз, сондай-ақ сізге керексіз қызметті алып тастау үшін "Шығару" батырмасын басыңыз
Төлеу тәсілі
Kaspi.kz
- Төлеу тәсілін таңдаған кезде Kaspi.kz батырмасын басыңыз, өту операциясын растаңыз
- Одан әрі сіз kaspi.kz сайтына жөнелтілесіз, оған кіру үшін өз тіркеу деректемелерін енгізу қажет.
- Кіргеннен кейін "Город ЕРЦ" түбіртегі көрсетіледі, онда төлеу деректемелері және сомасы көрсетіледі, одан әрі сізге ыңғайлы төлеу құралын таңдау қажет:
- Депозит KaspiBank
- Kaspi Кошелек
- KaspiBank кез келген картасы
- Kaspi Бонус бағдарламасы бойынша жиналған бонустармен
- Карта VISA және басқа банктің MasterCard картасы
- Төлемді рәсімдегеннен кейін сіз автоматты түрде "Город ЕРЦ" сайтындағы "Төлемдер тарихы" тарауына жөнелтілесіз.
Visa/Mastercard
- Төлеу тәсілін таңдаған кезде Visa/Mastercard батырмасын басыңыз. Төлеу сомасы, комиссия сомасы, қорытынды сома көрсетілген терезе шығады.
- Егер сіз осы шарттармен келісетін болсаңыз, әрекетіңізді растаңыз, "Әрі қарай" батырмасын басыңыз. Сізді Halyk Bank сайтына жөнелтеді. Егер осы әрекет орындалмаса, сіздің браузеріңіз қалқыма терезелерді блоктай ма тексеру қажет.
- Halyk Bank сайтында сізге өз төлем картасының деректемелерін толтыру керек.
- Төлемді рәсімдегеннен кейін сіз автоматты түрде "Город ЕРЦ" сайтындағы "Төлемдер тарихы" тарауына жөнелтілесіз.
Касса24
- Төлеу тәсілін таңдаған кезде КАССА24 батырмасын басыңыз. Қорытынды сомасы көрстілген терезе шығады.
- Егер сіз осы шарттармен келісетін болсаңыз, әрекетіңізді растаңыз, "Әрі қарай" батырмасын басыңыз. Сізді Касса24 сайтына жөнелтеді. Егер осы әрекет орындалмаса, сіздің браузеріңіз қалқыма терезелерді блоктай ма тексеру қажет.
- Кіргеннен кейін "Город ЕРЦ" түбіртегі көрсетіледі, онда төлеу деректемелері және сомасы көрсетіледі, одан әрі сізге ыңғайлы төлеу құралын таңдау қажет:
- Касса24 жеке картасы
- Банк картасы
- Терминалдар
- Төлемді рәсімдегеннен кейін сіз автоматты түрде "Город ЕРЦ" сайтындағы "Төлемдер тарихы" тарауына жөнелтілесіз.
Банк ЦентрКредит
- Бірыңғай түбіртекті рәсімдегеннен кейін ЦентрКредит төлеу тәсілін таңдаңыз. Қорытынды сома көрсетілген терезе шығады.
- Егер сіз осы шарттармен келісетін болсаңыз, әрекетіңізді растаңыз, "Әрі қарай" батырмасын басыңыз. Сізді ЦентрКредит сайтына жөнелтеді. Егер осы әрекет орындалмаса, сіздің браузеріңіз қалқыма терезелерді блоктай ма тексеру қажет.
- Банк ЦентрКредит жеке кабинетінде авторизациядан өткеннен кейін сізге "Город ЕРЦ" тауып алу керек. Сізге ЖСН, телефон нөмірі, сома өрістерін толтырып, операцияны растау қажет.
- Біздің менеджерлеріміз жақын арада төлемді растайды.
Bereke Bank
- Бірыңғай түбіртекті рәсімдегеннен кейін Bereke Bank төлеу тәсілін таңдаңыз. Қорытынды сома көрсетілген терезе шығады.
- Егер сіз осы шарттармен келісетін болсаңыз, әрекетіңізді растаңыз, "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Bereke Bank қосымшасында Төлемдер тарауына өтіңіз - ТКШ және үй телефоны - Пәтерақы - Город ЕРЦ – Қызметтерді тез төлеу.
- Өз ЖСН енгізіп, сайттан түбіртек бойынша соманы растаңыз және қаражатты есептен шығаруды растаңыз